Бас тақырыпОблыс әкімі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі басталды
Астана қаласында ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысуда.