Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.
«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.