Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасының өкілеттілігін доғарады

ҚР Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында ҚР Президенті өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғаны және ҚР Президенті өкілеттілігінің Қ.Тоқаевқа көшетіндігіне қатысты үш мәселе қаралды. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

«20 наурызда 9.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда үш мәселе  қаралды: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты  Қ.К. Тоқаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы; Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігінің Қ.К. Тоқаевқа көшкені туралы», – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button