Бас тақырыпРесми

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді”

Латын әліпбиіне көшу барысында оның артықшылықтары мен кемшіліктері және қоғамның пікірі толық ескеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында айтты.

«Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес. Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр.

Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал, ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Осыған орай, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығы шықты. Елімізде қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін пайдалана бастаған құрылымдар бар. “Егемен Қазақстан” газетінің де бір беті осы әліпбимен жарық көріп жатыр ғой.

Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ, қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар ескеріледі”, – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button