Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев “Инстаграмға” тіркелді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Инстаграм” желісінен ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли  хабарлады.

“Құрметті Отандастар!

Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым” деп жазады Мемлекет басшысы алғашқы жазбасында.

Басқа материалдар

Back to top button