Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Твиттер» парақшасында халық денсаулығы үшін індетпен аянбай күресіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және әскерилерге алғыс білдірді. Сондай-ақ, елдегі эпидемиялық жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды сары уайымға салынбауға шақырды.

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.