Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан халқына ант береді

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыз күні Қазақстан халқына ант береді. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті міндетін атқаруға кіріседі.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін, – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы  жарлығында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті өкілеттілігін тапсыра отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін», деді Елбасы.

Басқа материалдар

Back to top button