АймақБас тақырыпҚарқаралы

Қасым ауылындағы қайғылы оқиға

23 ақпан күні кешкі сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылында аса қайғылы оқиға орын алды. Ауыл азаматы, 1988 жылы туған Ернұр Оразбайұлы Сүлейменовтің шаңырағы өртеніп, оқиға кезінде үйде болған төрт кішкентай бала мерт болды.

Сурет: облыстық ТЖД

Денесі табылған балалардың 23.03.2019 ж.т. Елнұр Оразбай, 26.03.2020 ж.т. Мансұр Оразбай, 05.06.2021 ж.т. Әліби Оразбай екені анықталды. Төртінші кішкентай қыз баланың кім екені әлі анықталуда.

Барлық жағдай, үлкендердің қайда болғаны, балалардың неге қараусыз қалғаны қазір нақтылану үстінде. Оқиға орнында төтенше жағдай, ішкі істер, медицина қызметтері, сонымен қатар психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бейресми дерекке сенсек, қайғылы оқиға пештен кеткен өрттің салдарынан болған. Бейкүнә періштелерді Алла өзі панасына алсын.

Нақтыланған деректерді қосымша хабарлаймыз.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button