Жаңалықтар

Қасқыр атуға тыйым салынды

Енді, қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ ауылды елді мекен аумағында жүрген жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі. Жуырда қасқыр аулаудың лимиті бекітілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, осы жылдың соңына дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Аталған өңірлерде дала жыртқышының түрі азайған. Атап айтсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194-і ғана қалған.

Ал, өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар.

Айта кетейік, қасқыр жабайы тұяқтылар санының қалыпты өсуін реттеуші ретінде маңызды роль атқарушы, сондықтан да оны образды түрде «орман санитары» деп атайды. Расында да, қасқырларды жаппай атудың соңы ірі тұяқтылар санының қарқынды көбеюіне әкеліп соғады. Оның салдарынан өсімдік әлемі зардап шегеді. Әсіресе, жас ағаштардың құруы кейбір ағаш түрлерінің көбеюіне және жыртқыш аңдар арасындағы бірқатар аурулардың тарап кетпеуіне кедергі келтіреді.

Талғат Садық

Басқа материалдар

Back to top button