Жаңалықтар

Қарызға батқан қазақстандықтардың саны артты

Ашық дереккөздерге сүйенсек, шілде айында 2,5 миллионнан астам қазақстандық несие алғаны белгілі болды. Бұл – бір ғана айдың көрсеткіші. Қарыз көлемі бір айда 1,5 трлн. теңгені құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен. Несиеге батқандардың басым бөлігі Астана мен Алматы тұрғындары екен. Әсіресе осы айда 18 мыңға жуық азамат 143 млрд. теңгеге автонесие рәсімдеген, деп хабарлайды Ortalyq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

несие

Бұл көрсеткіш маусым айымен салыстырғанда 200 млрд. теңгеге артқан.

Одан бөлек, кепілсіз тұтынушы несиелерге сұраныс жоғары. Яғни, 2 миллион адам банктен триллион теңге көлемінде ақша алған. Сондай-ақ, «айлыққа дейін» деп, микроқаржы ұйымына жүгінгендер саны да артыпты. Кепілсіз, бірақ пайызы жоғары қарызды көбіне жастардың алатыны анықталған. Яғни, 170 мың теңгеге дейін алынған қарыз көлемі көп.

Ал, ипотекаға баспана рәсімдегендер саны биыл төмендепті. Жалпы халықтың екінші деңгейдегі банктерге берешегі – 17 трлн. теңге. Борышкерлердің 20 пайызға жуығы төлем уақытын 90 күнге кешіктірген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button