Ғарышкерлер көшесіндегі жолды қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов Ғарышкерлер (Космонавтов) көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Қазір жол жөндеу жұмыстары Бұқар жырау көшесінен «Вавилов» көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілуде. Әкім қайта жөндеу және жолақтарды ұлғайту не үшін қажет екенін, құрылыс кезінде мүмкіндігінше көп ағаштарды сақтап қалуға тырысатынын айтты. Ол үшін тіпті ағаштарды трансплантациялайтын арнайы техникаға тапсырыс та берілген.

Сурет: бейнеден түсірілген кадр

Қала тұрғындарының:

“Ғарышкерлер көшесіндегі жолды қайта жөндеу не үшін қажет? Қалада жедел жөндеуді қажет ететін басқа да жолдар жетерлік еді ғой”,- деген сауалына:

– Бұл жолдың өзі көптеген жылдар бойы пайдаланылып келеді. Бұрын осы жолға есептелген жүктемелер басқаша болған: машиналар саны бойынша, машиналардың тоннажы бойынша. Ең маңыздыларының бірі, бізге бұл жолды кеңейту, жолақтардың санын қосуымыз керек. Себебі, қала тұрғындары «Шығыс» базарына, «Таир» СҮ, «Grand Store» – ға осы жол арқылы қатынайды. Жолдың осы бөлігінде қалада үнемі хаос орын алып жатады. Қосымша жолақтарды қосу арқылы біз бұл мәселені шеше аламыз, – деп жауап берді қала әкімі.

Кездесу соңында қала басшысы мердігерден Бұқар жыраудан «Вавилов» көшесіне дейінгі Ғарышкерлер көшесінің учаскесіндегі жұмыстар қашан аяқталатынын сұрады. Компания өкілі шамамен бір айға жуық жұмыс болатынын айтты. Айта кетейік, жоба екі жылға есептелген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.