Спорт

Палуандар бақ сынасты

22 наурызда Қарағанды Орталық саябақта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық әкімдік бірлесіп қазақ күресі, асық ату, қой көтеру, кір спорты және армрестлинг секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Қазақ күресінен өткен турнирде бұқаржыраулық Жәнібек Жақсыжол чемпион атанып, 500 мың теңге иеленді.

Мереке күндері қала мен аудандарда 117 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Соған сәйкес әр өңірде жүлде қоры да әр қилы болды.

Қарағандыда өткен спорт түрлері бойынша турнир орталық алаңда өткізілді. Қазақ күресі бойынша өткен турнирдің Бас бәйгесіне 500 мың теңге ойнатылды. Бұқаржыраулық палуан қарсылас шақ келтірмей, Бас жүлдені иеленді

– Бар ойым – жеңіп шығу болды. Қарсыластарымнан асып түссем дедім. Ал, ұтыс ақшасы жайлы ойлағаным жоқ. Арманым орындалып, жеңіске жеттім. Енді ұтқан ақшамды анама үйдің жөндеу жұмыстарына беремін, – деді жеңімпаз.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button