«АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлеріне 13-ші жалақы беріледі

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев алғашқы жұмыс күнінде шахтерлермен кездесті. Кездесу барысында «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері желтоқсан айында 13-ші жалақы алатынын мәлімдеді.

Облыс басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымдарына төленетін төлемдер мәселесі бойынша келісім комиссиясының отырысын өткізді. Комиссия отырысындағы талқылауда компания қызметкерлерге 13-ші жалақы төлеу және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны көтеру туралы шешім қабылдады.

Ал, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонский жыл қорытындысы бойынша желтоқсан айында қызметкерлерге 100% мөлшерде сыйақы берілетінін айтты. Ай сайын 25 мың теңге көлемінде төленетін төлем сақталып, үстемеақы қауіпсіздік бонусына аударылады. Жыл басынан бастап қызметкерлердің жалақысы инфляция мөлшеріне сай индекстелетін болады.

Оrtalyq.kz