Аймақ

“АрселорМиттал Теміртау” өндіріс көрсеткіштері мен өнім сапасын айтарлықтай жақсартты

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ №1 қаңылтыр прокат цехы қаңылтыр бұйымдарын өндірудің максималды көрсеткішіне ие болды. Цех айына 42 мың тонна өнім өндіреді, деп хабарлайды ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында №1 прокат цехының жұмысшылары 30 мың тонна қаңылтыр бұйымдарын өңдеу көрсеткішін 42 мың тоннаға жеткізуді міндет еткен болатын. Осылайша зауыт қызметкерлері түгел дерлік атсалысып жоспарды іске асырды. 

– Қаңылтыр өнімдерінің саны артқан сайын кесу қондырғыларына жүктеулер көбейді. Біз орамда да, қаңылтырда да бірінші сорттың максималды өніміне қол жеткіздік.  Алдағы уақытта да сапаны арттыру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді “АрселорМиттал Теміртау” АҚ №1-прокат цехының қаңылтыр өңдеу бөлімінің бастығы Вячеслав Мухин.

Соңғы 10 жылда бұл көрсеткішті алғаш рет осындай көлемде арттыруға мүмкіндік туды. Жұмысшылар мұндай нәтижеге металлургиялық комбинаттың бүкіл ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізгендерін айтады.

– Бұл технологиялық кадрлар, механиктер, энергетиктер, гидравликтердің бірлескен еңбегі. Цех тобы WSM әдістемесі мен 5S жүйесіндегі СОП негізінде кайдзен басқару тәсілдерін әзірлеп, енгізді. Соның арқасында учаскеде тәртіп орнатылып, қондырғылардың сенімділігінің жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Қызметкерлер мен процестерге ерекше көңіл бөлінді. Бұл өнім сапасын арттыруға мүмкіндік берді, – деді “АрселорМиттал Теміртау” АҚ техникалық директоры Константин Цимбал.

№1 прокат цехы ыстықтай илектелген болат, цехтарға арналған жылжымалы құрам мен қатар қаңылтыр бұйымдарын шығарады. Өткен айларда ұжым өнімінің сапа көрсеткіштерін арттырған.

Айта кету керек, №1 қаңылтыр прокат цехында өзге де цехтары секілді құрал-жабдықтарды жаңарту жалғасуда. Бұл өндіріс көрсеткіштеріне әсер етіп қана қоймай, қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

– Қаңылтыр өңдеу бөліміне жаңа аспалы крандар сатып алынды. Оларды ауыстырған соң агрегаттардың тұрып қалуы азайып, цехтың жүргізу жылдамдығы артты. Қазіргі уақытта №25 Пратцен кранында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бөлімшедегі аспалы крандарды ауыстыру, сондай-ақ алдағы уақытта қаңылтыр бұйымдарға жаңа кесу қондырғысын орнатудың екінші кезеңі жоспарлануда. Бұл құрал-жабдықтардың сенімділігін арттырып, тұтынушыларымыз үшін өндіріс пен өнім сапасын арттырады. Ал аспалы крандарды ауыстыру жұмыс қауіпсіздігін сапалы жаңа, жоғары деңгейге жеткізеді,- деді Вячеслав Мухин.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button