Аймақ

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ға 4 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру қызметтері Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тұрғаны белгілі, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облыстық департаменті.

Теміртау қаласының прокуратурасы Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мамандарын тарта отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қызметіне тексеру жүргізді. Тексеріс барысында табиғи монополия субъектісінің сатып алу тәртібін бұзу фактілері анықталды.

Нәтижесінде, Теміртау қаласының прокуратурасы Қарағанды облысы бойынша ТМРК атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс шығарды, соның негізінде ТМРК «әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, ол монополистің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

Осылайша, 2023 жылғы 11 мамырда Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін 3 864 000 (үш миллион сегіз жүз алпыс төрт мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 11.05.2023 жылғы қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button