Жаңалықтар

 ҚарМУ – ге әлемдік оқулықтар келді 

Бүгін Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қазақ тіліне аударылған 18 әлемдік оқулықтың тұсаукесері өтуде. Экономика, философия, псиxологияны қамтыған кітаптар ғылымға қызығушылық танытатын студенттер үшін қызықты мәліметтерге толы.

Жиын “Руxани жаңғыру” Стратегиялық бағдарламасы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында ұйымдастырылуда. Айта кеткен жөн, аталмыш оқу орнына  әлемдік оқулықтың 4000 данасы келді.  Мысалы, белгілі француз ғалымы Реми Хестің “25 таңдаулы кітабы” философия тариxын қамтыған. Автор әлемдік ең таңдаулы жазушы, ғалымдардың 25 шығармасын таңдап алып, бір кітапқа жинақтаған екен. Енді университет ғалымдары мен студенттері келесі оқу жылын жаңа әлемдік деңгейдегі оқулықтармен бастамақ.

Аяулым Совет
Орталық Қазақстан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button