Бәрекелді!

Арман болған алтынға да қол жетті

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада-2020 ойындарында қазақстандық құрама мүшесі пауэрлифтер Давид ДЕГТЯРЕВ алғаш болып қоржынға алтын салды. Қазақ елі үшін көптен күткен жаңалық.

Ерлер сапында 54 келі салмақта сынға түскен зілтемірші Д.Дегтярев бұған дейін 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған. Ол 174 келіні еңсеріп көк туымызды көкке көтертті. Ал, күмісті франциялық А.Борлоун, қоланы грекиялық Д.Бакорхристос иеленді. Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Ол пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастаған. Жеке жаттықтырушысы – Юрий Колесников. Давид 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде 185 келіге дейінгі салмақты көтеріп, рекорд жаңартқан. Спорттың осы түрінен Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орынға табан тіреді. Ең нәтижелі деген талпынысында ол 83 келіні көтерді.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button