Ақтоғай

Қариялар қатардан қалмауда

Ақтоғай ауданында тұратын зейнеткер Гүлсім Орынбаева таңмен таласа №449 сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, дауыс берді. Зейнеткердің айтуынша, мұнда ол учаске ашылмай тұрып келген.

–Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ел болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – деді зейнеткер Гүлсім Орынбаева.

Дауыс беруге алғашқының бірі болып келген тұрғынға №449 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы арнайы сыйлық табыстап, сайлаушының мерейін өсірді.

Нұрдос КӘРІМ

АҚТОҒАЙ ауданы

Басқа материалдар

Back to top button