Спорт

Ардагер дзюдошыларымыз Азия ойындарынан жүлдемен оралды

Дзюдодан Оңтүстік Кореяда ардагерлер арасында өткен Азия ойындарынан жерлестеріміз үш алтын және екі күміс иеленді.

81 келі салмақта белдескен Болат Аманбаев, 90 келіде боз кілемге шыққан Қанат Сағындық пен 100 келіде өнер көрсеткен Евгений Кондратьев қарсыластарынан айласын асырып, алтын медальді жеңіп алды. Ал, Дидар Ахмеджанов пен Дәурен Қожин ел қоржынына қос күміс медаль салды.

– Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әрі мұнда ең мықты ардагер дзюдошылар өнер көрсетті. Жеңіске деген ынталары жоғары, – деді облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті және Азия ойындарының жеңімпазы Евгений Кондратьев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button