БілімРесми

Аралас оқыту басталды

Облыстың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына орай 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларына мектепке баруға рұқсат етілді.

– Қазіргі таңда облыс КВИ таралу бойынша «жасыл» аймақта. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында 1-5 сыныптарды кезекші сыныптарға бөлмей, аралас оқытуға көшіру туралы шешім қабылданды. Негізгі пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан (мектеп шешімі бойынша) оқытылады. Мектептерде ыңғайланған кесте жасалды, сабақтар арасындағы өзгерістер әр түрлі уақытта өтеді. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады, – дейді облыстың білім басқармасының мамандары.

Алдағы уақытта оқушылардың саны 300 адамнан аспайтын мектептердегі 27 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқитын болады. Қашықтан оқыту форматында 6, 7, 8 және 10-сыныптардың 75 мыңнан астам оқушысы оқуын жалғастырады. 9 және 11 (12) сынып оқушылары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылған.

Сабақтан тыс уақытта кеңес беру сабақтары үшін 15 адамға дейін топтар құрылады. Сондай-ақ, мамандандырылған мектеп-интернаттарда санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек басқа қаладан келген интернатта тұратын балалар үшін жұмыс ұйымдастырылған.

Оқу кезінде санитарлық-дезинфекциялық және бетперделік режимдер, шахматты отырғызу және әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады.

Ол үшін әр өңірде шектеу шаралары жағдайында санитарлық нормаларды сақтау бойынша арнайы мониторингтік топтар құрылды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button