Аймақ

Қарағандылық жас джитсер мәдениет және спорт министрінің алғыс хатын алды

Қарағандылық джиу-джитсу жекпе-жегінің жауынгері Ілияс Балтағазы “арқамен секіру” тәсілімен танымал болған. Әлеуметтік желілерде бейнелері үш миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. Көпшілік 14 жасар спортшыны “Қазақстандық машина” деп атап кеткен. Оның жетістіктерін мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов атап өтті.

Ведомство басшысының атынан алғыс хатты Ілияс Балтағазыға Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев табыстады.

– Мен тоғыз жасымнан бастап джиу-джитсумен және грепплингпен айналысамын. Мен UFC және басқа да жекпе-жек өнерлерін көргенді ұнатамын, Шавкат Рахмоновтың жетістіктерін үнемі қадағалап отырамын. Маған “арқаға секіру” әдісін жаттықтырушым үйретті, – дейді Ілияс.

Жас спортшы – Қазақстан, Азия чемпионы және әлем біріншілігінің жүлдегері.

Оның тәлімгері Оразалы Айбар бейнені өз клубының әлеуметтік желідегі парақшасына салған соң, желіге тарап кеткен.

– Ілияс өте кішіпейіл, әдепті, кенеттен даңққа бөленгеніне қарамастан, өте ұстамды, – деді жаттықтырушы.

Министр джитсерге жаңа жеңістер тіледі.

– Қазақстандық спорттың болашағы Ілияс сияқты жас таланттармен байланысты, – деп атап өтті Асхат Оралов.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button