Жаңалықтар

Қарағандылық жұмыс берушілерге мүгедектердің еңбек құқықтары түсіндірілді

Қарағанды облысында «Нұр Отан» партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау шараларын қолға алды. Аймақтағы қалалар мен аудандарда орналасқан кәсіпорындарда партияның «Кедергісіз келешек» акциясы аясында кездесулер өтуде.

Нұр Отандықтар кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақыруда. Кәсіпорындарда өткен кездесулерде жұмыс берушілерге мүгедектердің еңбек құқықтары, мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінетін жеңілдіктер туралы айтылды. Сонымен қатар,  тағдырдың тезіне түскен жандарға дер кезінде көмек қолын созудың маңызы туралы да сөз қозғалды.

«Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасының 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын дайындады. Құжатта мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттілік талап ететін азаматтарды инклюзивті оқыту, жұмыспен қамтамасыз ету және кедергісіз орта қалыптастыру шаралары қарастырылған.

Қазіргі таңда мемлекеттік қолдаудың аясында мүгедек жандарды жұмыспен қамтып, кәсіп үйрететін шеберханалар мен орталықтар ашылуда. Мәселен, Саран қаласында есту қабілетінен айырылған жандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Ол үшін бюджет қаражатына қажетті жабдықтар сатып алынған.  

Басқа материалдар

Back to top button