Аймақ

Қарағандылық ТЖД кинолог-құтқарушысы «Жыл патриоты» атағына ие болды

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан патриоттарының республикалық форумы өтті.

Іс-шараға қоғамды өз істерімен Отанды сүюге шабыттандыратын қазақстандықтар, белсенді жастар мен танымал тұлғалар қатысты. Форум аясында «Жыл патриоты» атағын алған 12 номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Солардың бірі «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» санатындағы Қарағанды облысы ТЖД ЖҚЖ кинологиялық бөлімшесінің бас құтқарушысы Александр Адамбаев «Жыл патриоты» атағына ие болды.

Александр 2018 жылдан бастап Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағында кинолог болып жұмыс істейді. «Гринпис» есімді төрт аяқты серігімен бірге ол жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияның Нұрдағы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Бордер-колли Гринпис немесе Гриня, күшік кезінен бастап құтқарушылар қатарында қызмет етеді.

Александрмен бірге олар көмекке мұқтаж көптеген адамдарға көмектесті.

– Адамдарды құтқару ерлік емес, бұл біздің жұмысымыз. Сол үшін біз ең үлкен марапатқа ие боламыз – ол алғыс! –дейді Александр.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысушыларды құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтар табыс етті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button