Спорт
Қарағандылық теннисші халықаралық турнирде топ жарды
Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Египеттің Дакахлия қаласында өткен «ITF Juniors j100 Dakahlia» деп аталатын халықаралық турнирде топ жарды.
Бұл – жасөспірімдер категориясындағы кіл мықтылар қатысатын беделді дода. Әмір Омарханов – Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі. Жасы – 15-те. Ақтық сында ресейлік Артем Богомоловпен ойнады. Қарсыласын бірінші сетте 5:7, екіншіде 6:1, үшіншіде 7:5 есебімен жеңді.
Әмір финалға дейін кездескен қарсыластарының барлығын да айқын басымдықпен ұтқан. ITF-тің жасөспірімдер ретйтингінде жерлесіміз осы жеңісінің арқасында бірден 66 сатыға жоғарлады. Қазір 198-орында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz