Бас тақырыпРесми

Қарағандылықтарды су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету акциясына шақырады

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында «Қиындықта ел бірге» атты қайырымдылық асарына қарағандылық тұрғындарды ат салысуға шақырады.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы зекет және қайырымдылық қорына сақтау мерзімі ұзақ, тез бұзылмайтын азық-түлік түрлері, суға төзімді киім түрлері мен резеңке етіктер, жаңа көрпе-төсектер, жылы жамылғылар қабылданады.

Толық ақпарат үшін төменде көрсетілген байланыс нөміріне хабарлассаңыз болады!
8 778 680 85 95 Асылхан Түсіпбеков

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button