Жаңалықтар

Қарағандылықтар тың челлендж бастады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін әлеуметтік әлеуметтік желі қолданушылары Ұлт көшбасшысымен жолы түйіскен сәттері туралы естеліктерімен бөлісіп жатыр. Қарағандылықтар өз жазбаларын #ҚарағандыЕлбасыменБірге, #мойПрезидент, #ПервыйПрезидент хештегтерімен таратуда. 

Олар осынау айтулы естеліктерімен, алғысқа толы әсерлерімен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет білдіруде.

AlexUrmashov атты қолданушы фейсбук парақшасында Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында жас әрі тәуелсіз мемлекеттің ең асқақ жобалары іске асырылғанын жазады. Ол өзінің жазбасында елге адам қызмет еткен, айқын патриотизмі мен адалдығын танытқан Тұңғыш Президентке алғысын айтады.

«Менің екінші отбасым – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына, «Nur Otan» партиясына  алғысымды айтқым келеді. Біз әрдайым гүлдену мен өркендеуге бастайтын оңай тимес әрі өлшенген шешімді қабылдадық. ҚХА жастары өзінің барлық әлеуетін пайдалана отырып, барлық жоспарды орындап, келісім мен бейбітшілікті қорғап қалады. Қазақстан үшін рахмет! Сіз біздің Президентсіз!», – дейді ол. Мика Мырзабекова болса әкесінің Тұңғыш Президентпен кездесуі туралы жазады.

«Менің әкем Батырбек Мырзабеков ұмытылмас сол күнді, кездесуден алған әсерін әрдайым есіне алып жүреді. Ол өз өңірінің тұрғындары атынан тәуелсіз қазақ тарихындағы ғасыр жолы атанған Жезқазған-Бейнеу темір жолының ашылуы кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген. #ҚарағандыЕлбасыменБірге»», – дейді ол. «АрселорМитталТемиртау» қызметкері Әлібек Алпыспаев Елбасын, сондай-ақ өткен жылдың қыркүйек айында ұжымымен бірге Президентпен кездескенін еске алады.

 «Біз барлық металлургтер бір партиядамыз. Бір елге, халыққа қызмет етеміз!». Президентіміздің осы сөзі есімде қалып қапты», – дейді Әлібек фейсбукте.  Ол сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жастар үшін үлгі болып қалатынын айтады. Мыңдаған қарағандылық челленджге үн қатып, Тұңғыш Президентпен түскен фотосуреттерін жариялауда. Жазбалардың авторы Елбасы туралы естеліктермен бөлісуге шақырады.  

 

Басқа материалдар

Back to top button