Спорт

Қарағандылықтар оза шапты

20-26 наурыз аралығында Қарағандыдағы «Сарыарқа» үстел теннисі орталығында үстел теннисінен Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы өтті. Аталмыш спартакиядаға барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың ішінде ұлттық құраманың мүшелері – Герасименко Кирилл (Астана), Құрманғалиев Алан (Қарағанды), Ақашева Зәуреш (Қарағанды), Лаврова Анастасия (Астана), Миркадирова Сарвиноз (Шымкент) да бар.

Қарағанды өңірінің ерлер мен әйелдер құрамасы командалық турнирді жеңіспен аяқтады. Ерлер арасында Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темирлан Ким, Әмір Торғайбеков, Райымбек Келбуганов чемпион атанды. Командалық турнирдің қорытындысы бойынша І орынды – Қарағанды облысы, ІІ орын – Шығыс Қазақстан облысы, ІІІ орынды – Астана және Жамбыл облысы иеленді.

Ал, әйелдер арасындағы ақтық бәсекеде Зәуреш Ақашева, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкінбаева, Александра Смирнова, Виктория Мочалкина алтын медаль жеңіп алды.

Қорытынды бойынша І орын – Қарағанды облысы, ІІ орын – Шымкент, ІІІ орын – Астана және Батыс Қазақстан облысы иеленді.

Сонымен қатар, жеке сында Кирилл Герасименко (Астана) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) жеңімпаз атанды. Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы) және Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент) – ІІ орын, Владислав Захаров (Қарағанды облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Әнел Бақыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) – ІІІ орын иеленді.

Жұптық сында, ерлер арасында Владислав Захаров пен Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы) жұбы чемпион атанды. Александр/Кирилл Герасименко (Астана), ІІІ орын – Денис Жолудев/Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Бақдәулет Әкімәлі/Бекұлан Жамал (Шымкент) жұбы ІІ орын иегерлері атанды.

Әйелдер жұбында Сарвиноз Мирқадырова мен Әнел Бақыт (Шымкент) қарсылас шаұ келтірмеді. ІІ орынды – Гүлчехра Хусейнова/Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы), ІІІ орынды – Юлия Даниярова / Алина Дубровская (Қостанай облысы), Айя Әлімбаева/Валентина Успанова (Алматы) жұбы иеленді.

Аралас жұптық сында Кирилл Герасименко / Анастасия Лаврова (Астана) үздік атанды. Владислав Захаров/Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) – ІІ орын, Бекұлан Жамал/Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), Алан Құрманғалиев/Арай Әшкеева (Қарағанды облысы) – ІІІ орын иегерлері атанды.

Жалпы медальдық есепте қарағандылықтар көш бастады. Астаналықтар – ІІ орынға, шымкенттіктер – ІІІ сатыға табан тіреді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button