Қарағандылықтар есе жібермеді
Қарағандылық «Сарыарқа» клубы сырт алаңда «Ақтөбе» клубын 1:3 есебімен жеңді. Күні бұрын жерлестер ақтөбеліктерге 4:2 есебімен есе жіберген. Бұл жолы қателікке бой алдырмай, жеңісті қолдан жұлып алды.
Кездесу – біз ойлағандай оңай болмады. Қос команда соңына дейін күресіп, осалдық танытпады. Бірақ, тәжірибелі шабуылшылардың арқасында қарағандылықтар бұл жолы есе жібермеді. 5-ші минутта қарағандылық шабуылшы Захар Пархоменко есеп ашты. Бұдан кейін есеп өзгермеді. Тек, 22-ші минутта Андрей Лагунов есепті еселеді. Осымен екінші кезең тәмамдалды.
Үшінші кезеңнің алғашқы минутында алаң иелері есеп алшақтығын қысқартты. Гол авторы – Денис Григоркевич. Бұдан кейін ақтөбеліктердің есепті теңестіретін мүмкіндіктері болған. Алайда, шабуыл сәтсіз аяқталып, нәтиже тіркелмеді. Араға бір минут салып қарағандылықтар есепті 1:3-ке жеткізді.
Осылайша қарсыластар қарымта ойында қанжығалары майланбай, ұпайдан құр қалды.
Ербол ЕРБОЛАТ.