ЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық спортшылар қол күресінен әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Кишиневте қол күресінен әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 51 елінен мың жарым спортшы қатысқан байрақты бәсекеде облыс намысын Никита Ермаков, Қайрат Тебаев, Антон Чуб және Қанат Абдуокаповтар қорғады. Олардың барлығы сәтті өнер көрсетіп, пара армрестлингтен әлем чемпионатында жүлдегер атанды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше Никита Ермаков сол қолымен бірінші орын алып, төрт дүркін әлем чемпионы атанған. Қайрат Тебаев болса сол және оң қолмен қола, оң қолмен Антон Чуб үшінші орын, Қанат Әбдуоқапов төртінші орынға ие болған.
– Жарыс өте тартысты және жоғары деңгейде өтті,- дейді қарағандылық спортшылардың жаттықтырушысы Руслан Түспеков.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.