Жаңалықтар

Қарағандылық спортшылар астана атауының өзгеруін қолдайды  

Қарағанды облысының спорт қауымдастығы Президенттің «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығын  қуанышпен қарсы алды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің елге сіңірген еңбегі зор. Біз, Қарағанды облысының спортшылары Елбасымызға Қазақстан спортына көрсеткен қолдауы, мемлекетімізді нығайту жолындағы еңбегі үшін алғыс айтамыз. Астанамызды Тұңғыш Президент құрметіне атау құптарлық шешім, бұған Елбасымыздың еңбегі сіңді. Қазақстан спортшыларының есімі тарихқа алтын әріптермен жазылды. Егер Нұрсұлтан Әбішұлы қолдау көрсетпегенде, біз мұндай жеңістерге жетпес едік.

Бейімбет Қанжанов, Екатерина Айдова, Ержан Шынкеев, Ибрагим Бағлан, Максим Раков, Элмира Сыздықова, Рима Кашафутдинова, Ерулан Искаков, Абылайхан Жүсіпов, Александра мен Екатерина Немич және басқа да қарағандылық спортшылар елордамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдайды.

Басқа материалдар

Back to top button