Көшпенділер ойындарында қарағандылық самбошы жеңіс тұғырынан көрінді
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қарағанды облысының намысын қорғаған самбошы Болат Сапар алтын жүлдеге ие болды. Спортшы 98 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды.

Болат Сапар үшін бұл алғашқы ірі халықаралық жетістік емес. 2024 жылы спортшы Макаода өткен Азия және Океания чемпионатында 98 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған. Финалда ол Өзбекстан өкілі Немәт Якубовты ахилл сіңіріне жасалған ауырту әдісі арқылы мерзімінен бұрын жеңген.

Ал, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қарағандылық спортшы салмақ дәрежесін 98 келіден жоғары санатта сынап, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Нәтижесінде Болат Сапар жарыстың алтын медалін қоржынға салды.
Аида РАХЫМҚҰЛ
«Ortalyq Qazaqstan»



