Спорт

Қарағандылық Наталья Звягинцева Әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Англияның Манчестер қаласында жұптасып жүзуден Әлем чемпионаты өтуде. Ұлттық құрама сапындағы қарағандылық Наталья Звягинцева жарыстың алғашқы күнінде бақ сынап, үздік ондықтың қатарына енді.

Наталья Звягинцева

Чемпионаттың бірінші күнінде өнер көрсеткен жерлесіміз S6 санатында арқамен100 метр қашықтыққа жүзу бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде ақтық кезеңге шығып, 1:34.01 нәтижесімен Әлем чемпионатының рейтингінде VII сатыға табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатында жұптасып жүзуден ұлттық құрама командасының құрамында қарағандылықтардан Андрей Афанасьев пен Роман Потапов та бар.

Әлем чемпионаты 6 тамызда аяқталады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button