Жаңалықтар

Қарағандылық көлік сақшысы жүлдегер атанды

2019 жылдың 26-29 наурызы күндері Өскемен қаласында ҚР ІІМ ҚАЖК Төрағасының кубогы үшін ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтті. Үлкен додаға  270-тен астам ІІО қызметкерлері мен спортшылар қатынасты.

Кілең мықтылардың арасында “Қарағанды-Сұрыптау” станциясындағы полиция бөлімі “Қарағанды-Жолаушылар” ст. желілік полиция бөлімшесі патрульдік полиция тобының полицейі, полиция кіші сержанты Тлеуханова Айдана да болды. Бұл жолы да Айдананың бағы жанып, 70 салмақ дәрежесі бойынша 3 кездесу өткізіп,  ІІ орынды иеленді.

 Айдана 15 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысады. Бұған дейін ол бірнеше облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, чемпион атанған. Ол қоян-қолтық ұрыстан Қарағанды қаласының 4 дүркін чемпионы, Қарағанды облысының 6 дүркін чемпионы, Қазақстанның 2 мәрте чемпионы, сондай-ақ республикалық турнирдің күміс жүлдегері. Сонымен қатар, спорт шеберіне үміткер, қара белбеу бойынша І-дан иегері. Бүгінде қанжығасында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола бар.

 

 

Басқа материалдар

Back to top button