Қарағандылық дәрігерлер лапароскопияны кеңінен қолдана алады

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында лапароскопия арқылы тоқ ішек патологиясы бар науқастарға көмек көрсетілді. Шеберлік сабағын мәскеулік хирург Артем Гончаров өткізді.

Қарағандыда Ресейден келген маман үш төмен инвазивті операция жасады. Ұйымдастырушылар шебердің жұмысын трансляция арқылы әр түрлі елдердің дәрігерлеріне таратты. Офлайн режимінде операцияға ОКБ хирургиялық орталығының барлық дәрігерлері қатысты.

Алғашқы операция кезінде стомасы бар науқасқа көмек көрсетілді. Мәскеу хирург сыртқа шығарылған ішектің бір бөлігін орнына қайтару және оның функционалдығын қалпына келтіру керек болды.

– Мұны істеу үшін іштің қабырғасы толығымен кесіліп классикалық тәсілмен өткізіледі. Сонымен қатар бұл операцияны кішкентай тіліктер арқылы лапароскопиялық әдіспен де жасауға болыды. Лапароскопия науқастың тез қалпына келуіне, жақсы косметикалық нәтижеге және асқынулардың белгілі бір түрін азайтуға мүмкіндік береді, – дейді Орталық клиникалық аурухана мен Ресей Федерациясының Президенті Іс басқармасы емханасының Колопроктология бөлімінің меңгерушісі Артем Гончаров.

Қарағандылық дәрігерлер лапароскопия әдісін кеңінен қолдана алады.

– Бұл әдіс өте қызық, бізге лапароскопиялық хирургияның жаңа көкжиегін көрсетеді. Қалай болғанда да, біз бұрын тоқ ішекке күрделі реконструктивті операцияларды ашық түрде жасадық. Қазір, нюанстарды талқылағаннан кейін бізде лапароскопиялық технологиялар енгізіледі деп ойлаймын, – деді облыстық клиникалық аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары Борис Цхай.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.