Спорт

Қарағандылық боксшылар ел қоржынына олжа салды

Бокстан Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 23 елден 435 спортшы қатысып, 51 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрама боксшылары ел қоржынына 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль салып, жалпыкомандалық есепте ІІ орын иеленді. Бұл қатарда облыс атынан қатысқан спортшылар алты медаль жеңіп алды.

 

Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінен чемпионатқа алты қыз қатысқан. Соның ішінде жасөспірімдер арасында 63 келі салмақта жұдырықтасқан Алина Құдайгенова алтыннан алқа тақты. 52 келіде шаршы алаңға шыққан Айша Сариева қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, жастар санатында сынға түсіп, 54 келіде жұдырықтасқан Мырзакүл Томирис пен 70 келіде өнер көрсеткен Азиза Исина қола жүлде жеңіп алды. Енді Алина Құдайгенова, Айша Сариева мен Аяжан Ермек Арменияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.

 

Осы спорт мектебінің тәрбиеленушісі, 71 келіде қолғап түйістірген Ислам Советов ел қоржынына алтын медаль салды. 46 келідегі Нығмет Нығман мен 92 келідегі Думан Нұржан қола жүлде жеңіп алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button