Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда жылумен қамту қызметінің тарифі қымбаттады

Тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін жылу тарифі 0,2%-ға, бюджеттік ұйымдар үшін 14,2 %-ға  өсті. Бұл туралы «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-і мәлімдеді. Жаңа тариф 2024 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енді.

Сурет: news.mail.ru

– «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС статистикалық мәліметтерге сәйкес облыстағы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының өзгеруіне және стратегиялық өнім (электр энергиясы) құнының өcуіне байланысты Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұйрығымен, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтерге 2024 жылға арналған тариф 1 Гкал үшін 4 636,29 теңге мөлшерінде белгіленді, – деді компания.

Бұған дейін тариф 1 Гкал үшін 4 433,59 теңгені құраған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button