Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары басталды

Қарағанды көшелеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Қаламыздың автокөлік жүргізушілерін сабыр мен шыдамдылыққа шақырамын.  Шұңқыр жөндеуге арналған фрезерленген учаскелерге және жалпы жолдарға қатысты шағымдар әлеуметтік желілерден келіп жатыр. Ауа райы дұрысталып,  күн жылынған соң жұмыс қайта жанданды. Мұқанов-Тәттімбет, Гапеев және Университет қиылыстарында шұңқыр жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір Кеншілер даңғылында асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, кепіл бойынша жұмыс жасайтын мердігер ұйымдары Гоголь, Ержанов және Қазақстан көшелеріндегі асфальттың жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыстарға кірісті. Жалпы, қала бойынша 76 автожол учаскесі кепілдікке алынды, олардың 33-інде ақаулар анықталып, мердігер ұйымдары қателіктерді жоюға тырысады.

15-ші магистраль бойынша автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарынан өткізуді бастадық, бұл жерде жоғарғы жабынды толықтай ауыстырамыз.

Ал осы жылғы  жөндеу жұмыстарына жоспарланған жолдарға келсек, мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде, содан кейін бірден жұмыстарға кірісеміз,-дейді қала әкімі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.