Жаңалықтар

Қарағандыда жедел тәжірибелік іс-шарасы өтті

Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта жедел тәжірибелік іс-шарасы өтті. Онда қоғамдық орындарда және темір жол көлігі обьектілерінде заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды. Нәтижесінде, қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша 120-дан астам факт анықталды.

Сурет Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен

Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орында және теміржол көлігіндегі объектілерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау. Осы профилактикалық шара барысында есірткіні заңсыз сатқандар анықталды.

– Заңды бұзу фактілерін анықтау үшін саяжайларды, үй-жайларды және күмәнді басқа да жерлерді аралау жүзеге асырылды. Іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталды. 100-ден астам профилактикалық ісшаралар өткізілді. Сондай-ақ, аталған ісшараны өткізу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында прокоратура және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасап, дөңгелек үстел және теміржол ұйымдарында кездесу өткіздік, – деді Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ержан Садықов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button