Аймақта жаңа жылдамдық камерасы іске қосылады
24 тамыздан бастап Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс автожолының қала аумағындағы бөлігінде жаңа жылдамдық өлшегіш камера іске қосылады. Құрылғы Күнгей шағынауданы маңында орнатылған. Бұл жайлы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады.

Бұл жол бөлігінде көліктің рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы сағатына 60 шақырымды құрайды. Жаңа камера белгіленген талапты бұзған жүргізушілерді автоматты түрде анықтап, жылдамдықты асыру фактілерін тіркейді.
Полиция қызметі жүргізушілерді жол ережесін сақтап, аталған учаскеде жылдамдық режиміне ерекше назар аударуға шақырды. Камераның тұрақты жұмыс істейтінін ескеріп, көлік жүргізушілеріне жолға шығар алдында қозғалыс бағытын жоспарлап, белгіленген жылдамдықтан аспау ұсынылады.
Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс жолы Күнгей жағынан қалаға кіретін негізгі бағыттардың бірі саналады. Сондықтан бұл учаскеде көлік қозғалысы тұрақты болғандықтан, жаңа бақылау құрылғысы жолдағы тәртіпті күшейтуге бағытталған.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



