Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысындағы ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылады

Қарағанды облысында ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 39 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Алдағы уақытта өңірдегі 180-нен астам ауылды интернетпен қамту жоспарланған.

Сурет облыс әкімдігінен

Жоба жүзеге асқаннан кейін шамамен 50 мың тұрғын тұратын 22 мыңнан астам үй жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.

Қазіргі таңда Осакаров ауданындағы Молодежное – Аманқоңыр бағытында талшықты-оптикалық желі тартылуда. Бүгінде өңірде 217 шақырым магистральдық желі салынды. Жалпы 2,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық желі жүргізу көзделген.

Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, құрылыс аяқталған сайын жаңа ауылдар интернет желісіне қосылады.

Жоғары жылдамдықты интернет ауыл тұрғындарына онлайн білім алуға, қашықтан жұмыс істеуге, мемлекеттік қызметтерді пайдалануға және медициналық әрі әлеуметтік сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымның дамуы ауыл кәсіпкерлері үшін де жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қолжетімді интернет» республикалық жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп іске асырылуда.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button