АймақБас тақырып

Қарағандыда жаңа форматта республикалық тамыз кеңесі өтті

Бүгін Қарағандыда республикалық тамыз кеңесі өтті.

Оған ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева және облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты.

Тамыз кеңесі алғаш рет еліміздің 20 өңірінде «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында жаңа форматта өтті. Онда балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі мәселелер мен бастамалар талқыланды.

Қазіргі таңда елімізде 22 мың жетім бала тұрады. Оның 18 мыңы – қазақстандық азаматтардың отбасында тәрбиеленуде. Статистикалық деректерге жүгінсек, соңғы бес жылда қабылданған шаралар мен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жалпы контингентін – 32%-ға, ұйымдардың саны – 36%-ға төмендеген.

Кеңес барысында Білім министрлігінің өкілдері Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

– Қазақстан халықаралық бастамаларға және тәжірибе алмасуға белсенді қатысады, мемлекет тарапынан ерекше көмек пен қамқорлыққа мұқтаж балалармен жұмыс істеудің озық әдістерін енгізеді. Тек 2022 жылы қамқоршылық органдары отбасыларға 3 мыңнан астам баланы тапсырып, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 14 мың сот ісіне қатысты. Сонымен қатар, олар 3 мыңнан астам қорғаншылық және қамқоршылық дауларын шешіп, 30 мыңнан астам тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексерді. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмысының қорытындысы бойынша 450 мыңнан астам баланың құқықтары қалпына келтірілді, – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Пленарлық отырыс барысында білім министрлігі балаларды қолдау орталықтарында тұратын балалардың санын азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуды тапсырды. Әрі олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін патронаттық кәсіптік отбасылар институтын енгізу бастамасы туралы айтып берді.

– Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, патронаттық тәрбиедегі балаларды қайтару, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау және сүйемелдеу және оларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балалардың өмірін жақсартуға бағытталған кез келген өзгерістер еліміз үшін маңызды басымдық болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бизнестің және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерін талап етеді, – деді Комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button