Қарағандыда Федоров су қоймасы аумағынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ.
Ер адамның денесін жергілікті балықшылардың бірі тауып алып, полиция шақырған. Ер адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.
– 11 шілдеде Федоров су қоймасының аумағында 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz