Жаңалықтар

Қарағандыда шие бағы пайда болады

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс және Майқұдық тұрғын аймағының арасында ашылатын жаңа триатлон-бақ аумағына шие бағы мен үш мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш мың ағаш алдағы үш жылдың ішінде отырғызылмақ. Алғашқы көшеттерді егу  биылғы жылдың сәуір айынан басталады.  

– Бұл жер серуендеуге арналған саябақ болады. Көктемде өте әдемі. Мұндағы ағаштар мен саябақты Қарағанды қаласының саябақтар және гүлбақтар басқармасы қадағалайды, – дейді триатлон-паркінің жоба жетекшісі Дарья Михайлюк.
Жаңа триатлон паркінде жүгіруге және велосипед тебуге арналған жолдар мен фонтандар болады. Ол халықаралық стандарт бойынша салынады әрі бұл чемпионаттар мен жарыстар өткізуге үлкен мүмкіндік.
Оған тек спортшылар ғана емес, қала тұрғындары да барып демала алады. Сондай-ақ жаңа саябақта жүгірумен айналысып, велосипед тебе алады.
Қыста шаңғы жолдары мен мұз айдындары ұйымдастырылады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңа саябаққа екі кіреберіс жол мен үлкен автокөлік тұрағы жасалады.
Қарағандыда триатлон-паркін салу идеясын – “Евразия Билдинг”компаниясы ұсынды. Бұл жоба коммерциялық емес, жұмыстар аяқталғаннан кейін парк қалалық билікке тегін беріледі. Оны осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button