Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда ҚР Халық әртістері Жәния Әубәкірова мен Гауһар Мырзабекованың қатысуымен концерт өтті

Кеше “Шалқыма” концерт залында ҚР Халық әртістері Жәния Әубәкірова мен Гауһар Мырзабекованың қатысуымен «BACH.CHOPIN» атты классикалық музыка концерті өтті.

Сурет: шараны ұйымдастырушылардан

“BACH.CHOPIN” концерті – бұл “Қазақстан камератасы” мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің қатысуымен ҚР Халық әртістері Жәния Әубәкірова мен Гауһар Мырзабекованің музыкалық – білім беру жобасының бір бөлігі. Жоба көптеген тыңдаушыларды, оның ішінде жастардың жаңа буынын сапалы музыкалық ортаға баулуға бағытталған. Бірнеше онжылдық бойы Ж.Әубәкірова мен Г.Мырзабекова Қазақстанда фортепиано және скрипка мектептерінің стандарттары мен сапасын, симфониялық және камералық орындау мәдениетін қарқынды қалыптастырып келе жатқаны белгілі. Олардың шығармашылығы мен ынтымақтастығының негізгі бағыты – қазақстандық музыка өнерін одан әрі дамыту, насихаттау және оның үздік үлгілерін халықаралық деңгейде кеңінен паш ету болып табылады.

– Сіздерді шын жүректен құрмет тұтып қадірлейтін, өнерлеріңізге бас иетін, әр әкелген бағдарламаларыңызды шексіз сүйіспеншілікпен қарсы алатын – Қарағанды тыңдарманымен қауышқан бүгінгі концерттің сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан мемлекетінің өнері мен мәдениетін әлемдік деңгейге шығарып, халықтың шексіз құрметіне ие болған, дүниежүзі музыка сүйер қауымына есімдеріңіз кеңінен таныс – Сіздердің өнеріңізге көрермен залынан қарап, аспаптан төгілген таңғажайып әуенді өз орындауларыңызда тыңдау біз үшін шексіз мәртебе.

Әлемнің классикалық шығармалары мен қазақ композиторларының шығармаларын насихаттайтын концерттеріңізді атақты оркестрлермен бірге шет елдерінің атақты сахналарында жиі өткізесіздер. Сонымен қатар, Қарағанды шаһарында өткізген концерттеріңізді біз әрқашан шексіз мақтанышпен айтамыз.

Әрдайым сағына күтеміз, қуана қарсы аламыз, зор алғыс пен құрмет-қошеметімізді білдіруге асықпыз,- деді кеште сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.

Концертте Мәскеуден арнайы шақырылған қонақ Павел Романенко де өнер көрсетті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button