Жаңалықтар

Қарағандыда облыстық эндоскопия орталығы ашылады

Келесі жылы Қарағанды облысында қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге арналған облыстық эндоскопия орталығы ашылады. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған орталық қатерлі ісіктерді ертерек анықтауға, тиімді ем жүргізуге ықпал етеді деп күтілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, жоба бюджеттік қаражат есебінен облыстық онкологиялық диспансер базасында жүзеге асырылатын болады.

Эндоскопиялық құрылғылармен емдеу – әлемдік тәжірибеде кең таралған. Бұл жарақатты мейлінше аз келтіреді және аса тиімді. Алдағы уақытта желілік үдеткішті алу жоспарда бар. Бұл аппарат бір мезгілде компьютерлік томографтың көмегімен диагностика жүргізуге және сәулелі терапия арқылы ем жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Ержан Нұрлыбаев. Позитронды-эмиссиялық томографияны (ПЭТ-КТ) пайдаланып радиоактивті заттың көмегімен денені немесе оның жекелеген бөліктерін сканерлеу әдісі де емдеу ісіне енгізілетін болады. Бұл әдіс қатерлі ісік ошақтарын ерте кезеңде, тіпті, ауру енді ғана пайда болғалы тұрған кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Басқарма басшысы жобаның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қолға алынғанын, инвестормен келісім жасалғанын атап өтті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button