Бас тақырып

Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтары қойылды

9 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесі Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов және басқарма басшылары қатысты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сондай-ақ, бұл күні Ұлы Отан соғысына қатысқан отандастарымызды еске алу үшін «Мәңгілік алау» мемориалына қарағандылықтар да жиналды.

«Ерлердің даңқы мәңгілік» деген жазуы бар стеланың етегіне гүл шоқтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қойды.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметшілері, мәслихат депуаттары, еңбек ұжымдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және тағы басқалары да қойды.

Ауғанстанда, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында бітімгершілік контингентінің құрамында соғысқан интернационалист-жауынгерлер де тағзым етті.

Гүл қойғаннан кейін жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button