АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда үлкен концерт залы қашан салынады?

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Saryarqa» телеарнасындағы тікелей эфирде тұрғындар мен журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қарағандыда 1000 көрермен сиятын концерт залы жоқ екені баршаға аян. Облыс әкімі «Қарағандыда үлкен концерт залы қашан салынады?» деген көрермен сұрағына жауап берді.

Сурет: architime.ru

– Иә, білемін, бұл көптен бері Оңтүстік-Шығыс ауданында күтіліп жүрген жобалардың бірі. Және жобаның жоспары бар. Бірақ бұл жобаның бюджеті облысымыз үшін өте үлкен. Құрылыс жұмыстарын бастап алып, кейін жалғастыру одан да көп қаржыны талап етеді. Ал, облысымызда жаңа тұрғындар өз сауалдарында да қойып жатқандай кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Сондықтан алдымен өзіміз біліп алуымыз керек. Ол қаржыны облыс бюджеті көтере ала ма, көтере алмай ма? Жалпы жоспарда салынатын орны да қарастырылған,- деп жауап берді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button