АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыруда

Қарағанды қаласының №99270 әскери бөлімі 32 жастан аспаған азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыруда. Үміткерлерге офицерлік, сержанттық және қатардағы лауазымдар қарастырылған. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға 55 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемдері қарастырылған.

Сурет: kazpravda.kz

Дегенмен, әскери лауазымға қабылдану үшін де белгілі бір талаптарға сай болу қажет. Ең бастысы үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы және істі болмауы міндетті. Сонымен қатар, жоғары немесе орта арнаулы білімі, дене бітімі де әскери адамға сай болуы шарт. Айта кетейік, келісімшарт бойынша әйелдер де әскери қызметке қабылданады.

– Әскери қызметші – бұл жоғары қоғамдық мәртебе. Туған ел азаматтарын құрметтеу және лауазымдық өсудің әлеуеті мен мүмкіндіктері. Әскери қызметшілер мемлекеттік кепілдіктер алады. Олар тұрақты табыс пен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Кезекті демалыста болған кезде жалақы тоқтатылмайды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсетуге кепілдік беріледі. Сондай-ақ, келісімшарт жасаушыға және оның отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға 55 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемдері қарастырылған, – дейді №99270 әскери бөлімнің командирі полковник Тайлан Ахметов.

Сұрақтар бойынша мына мекен-жайға келу қажет: Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 34. Байланыс телефондары: +7-702-641-07-52, 21-28-81, 50-59-40.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button