Жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпкерлікке оқыту курстарына қабылдау жарияланды

Облыста «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту курстарына қабылдау жарияланды. «Бастау» жобасы бойынша оқытудың бірінші легі басталды. Курс кәсіпкерлік жүргізу негіздерін меңгеруге бағытталған.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, өз бизнесін ашқысы келетін, сондайақ, кәсібін одан әрі кеңейтуді қажет ететін кәсіпкерлерді шақырады.

 Жобаға қатысқысы келетіндер Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына, елді мекеннің Жұмыспен қамту орталығына, әкімдікке баруы тиіс. Өздерімен бірге жеке куәлік көшірмесін, мекенжай анықтамасын, дербес несиелік есепті алып бару қажет. Сондай-ақ, өтініш бланкі мен сауалнама толтыруы тиіс.

Оқу 14 наурыз күні басталады. Курс уақыты 25 күнге созылады. Бағдарламаға қатысушылар үшін стипендиялар қарастырылған. Оқу соңында сертификаттар табысталады.

Бағдарламаға қатысқысы келгендер 11-12 наурызда тестілеуден өтуі қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша оқыту топтары құрылатын болады.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button