Аймақ

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйлер сусыз қалды

Аймақта магистральдық су құбырындағы апат салдарынан үш мыңға жуық үйдің тұрғындары суық сусыз қалды.

22 мамыр күні сағат 23:48-де диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында апат болған. Су беру сағат 1:30-да тоқтатылған. «Қарағанды ​​су» ЖШС-нің жедел бригадасы зақымданған аумақты зерттеп, Қарағанды ​​қаласының Сортировка, Жұмысшылар поселкесі және Компанейск аудандарындағы суды өшірген.

Жөндеу жұмыстары бүгін таңертең таңғы 8.00-де басталды.

Кәсіпорын сусыз қалған нысандарға су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірінші кезекте ауыз сумен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер (ауруханалар, мектептер) қамтамасыз етіледі, сондай-ақ су тұтынушыларға өтінімдер бойынша әкелінетін болады.

Қазір тұрғындар суды су тасушы машина арқылы тасып жатыр.

– Таңертеңнен бастап апатты жою үшін 18 адамнан тұратын үш бригада, 8 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Олар экскаватор, кран, сусорғылары бар тракторлар, генератор, вагон кабиналары. Су өткізгіштегі апаттық жұмыстар жалғасып жатыр. Тұтынушыларға су беру ұйымдастырылды, – деді «Қарағанды ​​су» ЖШС баспасөз қызметі.

Сондай-ақ компания зақымданған №6 құбырдың 2009 жылы пайдалануға берілгенін айтады. Қазір апат салдарынан 2 936 үйдің, оның ішінде 2 808 жеке тұрғын үйдің тұрғындары суық сусыз қалуға мәжбүр. Алдын ала болжам бойынша, бұзылған учаске сағат 22:00-де ауыстырылады. Осыдан кейін суды кезең-кезеңімен беру қамтамасыз етілмек.

Су тасымалдау жөніндегі өтінімдер бойынша байланыс нөмері: 47-11-16

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button